Мақпал Жүнісова өзіне сый жасаған Қызылорда әкімдігіне ризашылық білдірді
874
ҚР Халық әртісі Мақпал Жүнісова Қызылорда әкімдігіне өзіне көрсетілген құрметі үшін ел алдында алғыс білдірді.
Жаңа тойдан келсем, үйіме Қызылорда әкімдігі қауын, алма, қарбыз, күріштен дәм ауыз тиіңіз деп әкеп тастапты. Алла разы болсын! Ертең мен де өнер иелерінің концертін тамашалауға барамын. Келіңіздер, бірге қол соғайық! – деп жазды әнші Instagram-дағы парақшасына.Желі қолданушылары да сүйікті әншісін өз өңірлеріне шақырып жатыр. Соның ішінде Мақпал Жүнісова «Қарағандыға келсеңіз, көмір сыйлаушы едік» деген оқырман пікіріне жауап берді.
Ел жаққа барғанда бірдеңе алу үшін емес, ән айтып, көз көргендерге сәлем береміз. Алматыдан базарлық апарамын. Әкімдерді мазаламаймын. Олар келгенімді естісе, дастархан жайып күтеді. 60 жасыма концерт беріп, «Құрметті азамат» деген атақ берді. Қызылорда халқының Алматыға келіп тұрып, осындай сый-құрмет көрсеткендеріне риза болдым. Ауыз тиіңіз деп әкеліп бергенде, мұрным шелектей болды. Әкімдері қандай болса, халқы да сондай кең, – деп жазды ол.
Соңғы жаңалықтар
18.08.2026
23:20
Марқұм Мәдинаның жеңгесі: Арқасында шыбық ізі б...
18.08.2026
22:48
Қазақстанда автокөлік өткізу пунктерін жаңғырту...
18.08.2026
21:51
Азаматхан Әміртай: Үлкен соғыс болды, мені аяға...
18.08.2026
21:24
Қазақстанда Инстасамканың концерттерін өткізуге...
18.08.2026
21:21
Шиповских: Қарақұсованы «сенікі-менікі, өндіріс...
18.08.2026
20:46
Аспаздар жетімдердің тамағын ұрлап, үйіндегі шо...