Майкл Джексонның ерекше сыйлығы Димаш Құдайбергенге қалай жетті?

Майкл Джексонның ерекше сыйлығы Димаш Құдайбергенге қалай жетті?
09.03.2025 11:10
0
59
Видеодан кадр

Әлемге әйгілі әнші Майкл Джексонның қолтаңбасы қойылған афиша қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенге сыйға тартылды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Бұл туралы Димаштың анасы Света Айтбаева тележүргізуші Динара Сәтжанға берген сұхбатында айтты.

Майкл Джексон жыл сайын балаларға арнап мереке ұйымдастырып, естелік сыйлықтар таратқан. Осындай шаралардың бірінде балалар дәрігері Сильвия ханымға жетпей қалған сыйлықтың орнына әнші өзінің сүйікті афишасын қабырғадан алып, қолтаңба қалдырған. Ол афишаны абайсызда жыртып алғандықтан, «Oops, sorry. Michael Jackson» деп жазып, 24 мамыр 1994 жыл деп датасын белгілеген.

Сильвия ханым бұл құнды сыйды 25 жыл сақтап, Димаштың өнеріне тәнті болған соң, оны қазақстандық әншіге табыстауды жөн көрген. Кездейсоқ жолыққан сәтте Димашқа афишаны сыйға тартып, ол қолтаңбаның әншінің туған күнімен сәйкес келетінін анықтайды.

Қазіргі уақытта бұл ерекше сый Димаштың отбасында сақтаулы. Бұл – әншінің жанкүйерлерінен алған ең құнды сыйлығының бірі.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий