Мәжіліс депутаттарының заңды өзгертуі жеке бизнеске жұмыс істей ме?

Мәжіліс депутаттарының заңды өзгертуі жеке бизнеске жұмыс істей ме?
04.07.2025 11:31
0
121
Коллаж POLITICO.KZ (Фото: ашық дереккөз)

Мәжіліс депутаттарының заңды өзгертуі жеке бизнеске жұмыс істей ме

Соңғы күндері Мәжілістегі екі депутаттың аты айналасында қызу талқылау жүріп жатыр. Себеп олардың бастамалары мен ұсыныстары халық үшін емес, өз бизнесінің қамы үшін жасалған ба деген күмән. Бұл туралы журналист Михаил Козачков өз Telegram-арнасында тергеу материалдарын жариялады.

Құрылыс компаниясы мен мемлекеттік сатып алу

Бірінші депутат - Атыраудың белгілі құрылыс компаниясының иесі, 2023 жылы Мәжіліске өткен Әділ Жұбанов. Ол мемлекеттік сатып алу туралы заңға өзгеріс енгізуді ұсынған. Журналисттің мәліметінше, егер бұл өзгерістер қабылданса, Жұбановтың құрылыс фирмасы тендерлерде оңай жеңіске жетуі мүмкін.

Яғни депутат өзінің жеке бизнесіне жол ашып беру үшін заңға өзгеріс енгізуді ұсынып отыр деген сөз. Мұндай әрекет қоғамда "лоббизм" деп аталады, яғни депутаттың бизнес мүддесін қорғауы.

Жүк тасымалына қатысты күмән

Екінші кейіпкер - депутат Болатбек Нажметдинұлы (Әлиев). Бұрын жемқорлыққа байланысты істі болған, кейін рақымшылыққа ілігіп, мемлекеттік қызметке оралған. Қазір Мәжілісте халықаралық жүк тасымалы саласына байланысты бастама көтеріп жүр.

Бірақ бұл салада оның отбасына тиесілі компаниялар жұмыс істейтіні белгілі болды. Яғни, ол да өзінің немесе отбасының бизнесіне жол ашып жатыр деген күмән бар.

Оның бастамасынан кейін жүк тасымалына қатысты тексерулер күшейіп, салық пен көші-қон органдары шетелдік жүргізушілерге шүйліге бастаған. Сарапшылар бұл жағдайды отандық нарықты тазалау, бәсекелестерді ығыстыру амалы деп бағалап отыр.

"Dala-Trans" пен отбасылық байланыс

Әлиевтің отбасы басқаратын "Dala-Trans" және "DALA-FRUIT.KZ" компаниялары жүк тасымалымен айналысады. Депутат болар алдында Болатбек Әлиев сол компаниялардың бірінде бас директор болған.

Сондықтан қоғамда: "Оның бастамасы жеке мүдде үшін емес пе?" деген орынды сұрақ туындады. Журналист Михаил Козачков бұл жағдайды ащы ирониямен түйіндеді:

"Сіз сенесіз бе, жемқорлық үшін сотталған адам шын жанашырлықпен жүк тасымалдаушыларды тексеруді талап етіп отыр дегенге?"

Мұндай жағдайлар халықтың Парламентке деген сеніміне сызат түсіреді. Заң қабылдайтын орган өз мүддесі үшін емес, халықтың мұң-мұқтажы үшін жұмыс істеуі керек. Сондықтан бұл сұрақтар ашық қойылып, нақты жауап берілуі тиіс.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий