Меган Маркл мен ханзада Гарри арасындағы келіспеушіліктің себебі белгілі болды

Сассекс герцогы мен герцогинясы – ханзада Гарри мен Меган Маркл арасындағы келіспеушілікке балалары Арчи мен Лилибетті жұртшылыққа көрсету мәселесі себеп болуы мүмкін, – деп хабарлайды POLITICO.KZ Page Six басылымына сілтеме жасап.
Корольдік сарапшы Мэтт Уилкинсон A Right Royal Podcast подкастында бөліскен мәліметке сәйкес, Меган Маркл балаларымен көпшілікпен жиі бөліскісі келеді, ал ханзада Гарри оларды артық назар мен папарацциден қорғауды қалайды.
Гарридің наразылығы, әсіресе, Меганның "As Ever" бренді үшін түсірілген жарнамалық видеоларға балаларын қатыстыруынан байқалған. Сарапшының айтуынша, Гарри ұлы Арчи мен қызы Лилибеттің тым жас кезінде фото-видеоларға түсіп, интернетте тарап кетуінен алаңдайды.
Ал Меган бұл әрекеттерінде ешқандай зиян жоқ деп есептейді. Жуырда ол "The Drew Barrymore Show" бағдарламасы үшін дайындалған әсерлі бейнероликпен бөліскен болатын. Видеода Меган отбасымен бірге печенье пісіріп, Лилибет анасына көмектесіп, мәз-мейрам көңіл күйде жүреді, ал Гарри де жанында.
Сарапшылардың болжамынша, бұл мәселе ерлі-зайыптылар арасында үлкен түсініспеушілік тудырып, тәрбиеге деген көзқарастағы айырмашылық ретінде көрініс табуы мүмкін.
Соңғы жаңалықтар





