Мемлекет басшысы Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

Президент Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Парламент Мәжілісі қызметінің нәтижелері жөнінде мәлімет берілді.
Заң шығару жұмысы
Сессия басталғалы бері:
62 заң қабылданып, Сенатқа жолданған;
Президент 55 заңға қол қойған.
Олар қатарында: Су кодексі, сондай-ақ қаржы нарығын дамыту және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқығын қорғау, тауарлардың шығарылған елін айқындау, денсаулық сақтау және ойын бизнесі туралы маңызды заңдар бар.
Бүгінге дейін депутаттардың қарауына 76 заң жобасы келіп түсті. Президент тапсырмасына сәйкес:
Салық, Құрылыс кодекстері;
міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға, ғылыми зерттеу аумақтарын дамытуға, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіруге және жасанды интеллектіге қатысты заң жобалары бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.
Мәжіліс төрағасы:
жаңа Салық кодексінің бірінші оқылымының қорытындыларын, Президенттің Бурабайда өткен Ұлттық құрылтай отырысында берген тапсырмаларын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету жұмыстары туралы баяндады;
депутаттардың өңірлерге іссапарлары кезінде азаматтардан түскен арыз-шағымдарды мемлекеттік органдардың қарауы, Президенттің саяси реформаларын жүйелі жүзеге асыру мәселелері пленарлық отырыстарда тұрақты талқыланып келе жатқанын айтты.
AMANAT партиясының жобалары
Мемлекет басшысына:
- «Қарызсыз қоғам»,
- «Ауыл аманаты»,
- «Жер аманаты»,
- «Әкімдер мектебі» жобаларының жүзеге асырылу барысы таныстырылды.
Парламентаралық байланыс
Ерлан Қошанов парламенттік дипломатия аясында атқарылған жұмыстарға тоқталды:
Мәжіліс делегациясы Ташкентте өткен 150-ші Парламентаралық одақ ассамблеясына қатысты;
ҰҚШҰ парламенттік ассамблеясы, Түркі мемлекеттерінің парламенттік ассамблеясы, ТМД парламентаралық ассамблеясы және басқа да бағыттағы халықаралық ынтымақтастық шеңберінде белсенді жүргізіліп жатыр.
Соңғы жаңалықтар





