Мемлекет басшысы: Мен кезінде осында Онкология орталығын салу туралы тапсырма бердім.
«Мен кезінде осында Онкология орталығын салу туралы тапсырма бердім. Бірақ, қаржы мәселесі толық шешілмей, созылып кетті. Енді оған жер қойнауын игерумен айналысатын кәсіпорындар қаржы бөлетін болды. Құрылыс келесі жылы аяқталады. Сондай-ақ, облыс әкімінің айтуынша, Радиология корпусының құрылысын қаржыландыру мәселесі де шешімін тапты. Бұл нысан жыл соңына дейін салынып бітеді. Осы жобаларға демеушілік көрсеткен азаматтарға және компанияларға ризашылығымды білдіремін.
Бұдан бөлек, биыл бірнеше емхана, оңалту (реабилитация) орталығы және басқа да әлеуметтік нысандар пайдалануға беріледі», - деді Мемлекет басшысы.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
26.11.2026
23:12
Тоқаев Ресейде өткен халықаралық форумда сөз сө...
26.11.2026
22:12
14 шақырымға 95 мың теңге: Жапониядан келген ту...
26.11.2026
21:06
Шу қаласында соққыға жығылған әйел көз жұмды: О...
26.11.2026
20:42
Жаңаөзендегі мектеп әжетханасының видеосы елді ...
26.11.2026
20:20
“Ақшаны алып, телефонды жібермеген”: Астанада и...
26.11.2026
19:40
Полицейлер дәретханада келіссөз жүргізген: Атыр...