Мемлекет басшысы Ресей президентінің үйіне түскен дрон туралы пікір білдірді

30.12.2025 16:36 Арман Ермеков Арман Ермеков
Мемлекет басшысы Ресей президентінің үйіне түскен дрон туралы пікір білдірді
0
963
Фото: Кремль

Тоқаев Путиннің резиденциясына жасалған дрон шабуылына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Politico.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин телефон арқылы тілдесіп, бірқатар өзекті мәселесін талқыға салды.

Кремльдің хабарлауынша, Мемлекет басшысы Путиннің резиденциясына жасалған шабуылды сыңға алған.

«Әңгіме барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев украиналық дрондардың Ресей Президентінің Новгород облысындағы мемлекеттік резиденциясына жасаған арандатушылық шабуылын үзілді-кесілді айыптады.

Бұл жағдайды талқылаған соң, мемлекет басшылары бір-бірін келе жатқан Жаңа жылмен шын ниетпен құттықтады. Сондай-ақ екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелерге, соның ішінде Қазақстан Президентінің 2025 жылғы қарашада Мәскеуге жасаған мемлекеттік сапарының нәтижесінде қол жеткізілген келісімдердің орындалу барысына тоқталды», — делінген Кремльдің хабарламасында.

Еске салайық Владимир Путиннің резиденциясына бағытталған дрон шабуылына қатысты қазіргі уақытта Мәскеу мен Киев арасында қарама-қайшылық туындап отыр. Ресей тарапы шабуылдың болғанын алға тартса, Украина билігі бұл ақпаратты жоққа шығаруда. Айта кетейік бұған дейін Ресей Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қасым-Жомарт Тоқаевқа құттықтау жолдаған болатын.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий