Мемлекет әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының бағасын реттеуден бас тартты
571
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 6 сәуірде "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңына қол қойды.
Атына қарағанда, заң тек кәсіпкерлерге ғана қатысты болып көрінуі мүмкін. Шынында, оның қарапайым қазақстандықтарға да, қоғамға да, мемлекетке де қатысты жаңалықтары жетерлік.
Мысалы, Мәжіліс депутаты Болатбек Нажметдинұлының түсіндіруінше, заңға сәйкес, кәсіпкерлік қызмет жүргізілмейтін салаларда мемлекеттік бақылау жойылады. Бұған төрт бағыт кіріп отыр:
- енді спорттағы дипингке қарсы іс-шаралардың жүргізілуін мембақылау,
- әскери борыштыларды және әскерге шақырылғандарды әскери есепке қою қағидаларын ұйымдардың, әскери міндетті адамдардың сақтауын мембақылау,
- реабилитация мен банкроттық туралы заңнаманың сақталуын мембақылау,
- мемлекеттік сатып алулар, тендерлер туралы заңнаманың сақталуын мембақылау алып тасталды.
"Заңға енгізілген түзетулердің тұтас бір блогы Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын орындауға бағытталған. Ол біріншіден, өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын отандық шикізатпен жеткілікті көлемде және арзандау бағамен қамтамасыз етуді қарастырады. Екіншіден, әлеуметтік маңызды азық-түлік өнімдерінің бағасын реттеуден кезең-кезеңмен бас тартуды көздейді. Оның орнына халықтың әлеуметтік осал топтарын тиімді, "адресті" қолдау қамтамасыз етілуі керек", – деді сенатор Ләззат Рысбекова.Сенат депутаты Сүйіндік Алдашевтің айтуынша, бұл заңның маңыздылығына қарамастан, "оның жекелеген нормалары депутаттық корпуста елеулі алаңдаушылық туғызып отыр".
"Соның бірі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына (ӘМАТ) төменгі және шекті бағаларды белгілеу тетігінің жойылуына байланысты. Жасыратыны жоқ, бұл шара жеткілікті деңгейде тиімді болмады және әкімдіктер мен халық тарапынан көптеген даулар туғызды. Енді Үкімет дүкендердегі, сөредегі бағаларды емес, "оптовиктерді", шекті сауда үстемесін бақылауды күшейтуді ұсынады. Алайда сауда үстемесінің қолдану тәртібі анықталмағандықтан, мұның іс жүзінде қалай жүзеге асырылатыны түсініксіз қалды. Бүгінде қазақстандықтардың ақшалай шығыстарының 50 пайыздан астамы азық-түлік тауарларына жұмсалады. Осыны ескерсек, халықтың әлеуметтік осал топтарына атаулы қолдау көрсету тетігінің айқын, анық түрде жасақталуы да сұрақ тудырады", – деді депутат.
Соңғы жаңалықтар
26.06.2026
23:16
Каспийде суға батқан 27 жастағы ер адамның дене...
26.06.2026
22:29
Алматылық студент зейнеткер мен әйел адамды 70 ...
26.06.2026
21:20
“Бөксемді қатты қысып ұстады”: Метро ішінде қыз...
26.06.2026
20:31
«Жағдайды ушықтырмаңыздар»: Ербаян Мұхтардың қа...
26.06.2026
19:01
Алматы метросында студенттен автоматқа арналған...
26.06.2026
18:17
«Балаларымды қамтамасыз етіп келемін»: Жұмабек ...