«Мен өлсем бала-шағама кім қарайды». Шерзаттың әкесі жанайқайын жеткізді
Талғардағы 16 жастағы Шерзат Болаттың өлімі бүкіл елдің қабырғасын қайыстырып, жүрегін сыздатты.
Көп уақыт өтпей, жасөспірім тұрған үйдің өртенуі ата-анасының қайғысын одан сайын күшейткені рас. Журналистерге берген сұхбатында баланың әкесі Қаржаубай Нұрымов өзінің өмірі үшін емес, бала-шағасының, туыстарының жағдайы үшін уайымдайтынын жеткізді.
Өзім үшін қорықпаймын. Халық, бала-шағам үшін қорқамын. Біреудің қайғысы болса, біреуге ұпай керек шығар. Ақ-қарасы анықталған соң кінәлілер жауап береді деп ойлаймын. Құзырлы органдарға ғана емес, менің жанымда жүрген жігіттер, қайғыма ортақ халықтың бәріне ертең не болып кететіні анық көрініп тұр. Бір жағдай болатын болса, мен жауап берем. Мен кетіп қалсам, балам үшін шырылдайтын, бала-шағама, әке-шешеме қарайтын адам болмайды. Қолымнан келгенше күресем. Баламның аруағы разы болуы үшін соңына дейін күресем, - деді ол.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
19.11.2026
11:44
Шымкентте жанармай тасығыш көлік аударылып, жүр...
19.11.2026
11:36
"Менің байымның соңынан аңдып...": Тұрсынбек Қ...
19.11.2026
11:02
«Соққыдан өлмеген»: Жаңатаста вокзалда төбелест...
19.11.2026
10:55
Кәсіпкер 10 жыл бұрынғы жақсылығы үшін Тұрсынбе...
19.11.2026
10:47
Құрылыс және тағы да құрылыс! Шетелдік БАҚ Тоқа...
19.11.2026
10:12
«Қазақмыс» Шатыркөл байыту фабрикасының техника...