«Мені апай деп атама»: филолог Баян Алагөзованың сөзіне қарсы шықты
Филолог Арын Құнанбайұлы продюсер Баян Алагөзованың «мені апай деп атама» деген пікіріне қарсы екенін айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Тіл маманының айтуынша, Баян Алагөзованың «не называй меня апай» деуі – қазақ тіліндегі қаратпа сөздер жүйесін өзге тілдің өлшемімен бағалаудың нәтижесі.
Оның айтуынша, «апай» сөзі қазақ тілінде кемсіту немесе төмендету мағынасын білдірмейді, керісінше, ресми әрі мәдени қаратпа, қарым-қатынастың бір түрі болып саналады.
«Оқу орындарында «апай», «ағай» деп сөйлеу – мәдениетсіздік те, сауатсыздық та емес. Кейбір тілдерде ресми қатынас есім мен әке аты арқылы жасалса, қазақ тілінде ол туыстық атауларға негізделеді. Сондықтан қазақтың қаратпа сөздерін басқа тілдің үлгісіне икемдеуге болмайды», – деді ол.
Еске сала кетейік, бұған дейін продюсер Баян Алагөзова «Zamandas» подкастында өзін «апай» деп атағанды ұнатпайтынын айтып, мұндайды қабылдай алмайтынын жеткізген болатын.
Соңғы жаңалықтар