"Мені керемет етіп жаратты": Жеті жас кіші күйеуінен ажырасып кеткен актриса өзі туралы жазды
Белгілі актриса Әсел Сәдуақасова 40 жасқа толған туған күнін ерекше сезіммен қарсы алды. Ол бұл күнді жыл сайын асыға күтетінін айтып, биылғы мерейтойының өміріндегі жаңа кезең екенін жеткізді, деп хабарлайды
«Алға нақты мақсат қоймадым, өзімнен ештеңе күтпедім – бұл мен үшін алғаш рет болып тұр. Өзіме, өміріме, Құдайға, әлемге, адамдарға деген үлкен алғысым бар. Осы өмірге келгенім үшін ата-анама, Жаратушыға мың алғыс. Мені керемет адам етіп жаратты. Өмірімде кездескен бүкіл жақындарыма алғыс айтамын. Мен тамаша адамдармен доспын. Сүйікті оқырмандарым, сіздерге де көп рақмет» – деп бөлісті ол.
Желі қолданушылары оның мерейтойына жылы лебіздерін білдіріп, жаңа жасында сәттілік пен қуаныш тіледі.
Еске салсақ, Әсел Сәдуақасова өзінен жас күйеуі Мағжан тілеханмен ажырасып кеткен еді.
Ақпарат Skifnews.kz ақпарат порталынан алынды.