"Мені қорқытып жатыр": Белгісіз біреулер Мақпал Жүнісоваға ескерту жасады
Қазақстанның Халық әртісі, белгілі әнші Мақпал Жүнісова өзін белгісіз біреудің қорқытып жатқанын айтты. Өнер иесінің сөзінше, әлдекім оның Астанада тұратын әпкесіне хат жолдаған, деп хабарлайды Politico.kz.
Хатта Мақпал Жүнісованың үш жылдан бері үйіндегі газ ақысын төлемей жүргені жазылған. Автор өзін газ қызметінің өкілі ретінде таныстырып, қарыз бүгін өтелмесе, газ өшірілетінін ескерткен.
«Жүнісова Мақпал ханымға айтыңыз, үш жылдан бері төленбеген қарызы бар. Қызына бірнеше рет айтылды, өзі бізді бұғаттаған. Бүгін төлемесе, ертең газды өшіреміз. Соңғы ескерту», – делінген хатта.
Алайда әнші бұл ақпаратты жоққа шығарып, ешқашан қарыз болмағанын мәлімдеді.
«Бұл қай қазақ мені қорқытып жүрген? Ешқашан қарызға батпаған адаммын. Астанадағы әпкеме хабарласыпты», – деді Мақпал Жүнісова.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
11.11.2026
18:51
ҰҚК «Еңбек» кәсіпорнының басшыларына қатысты те...
11.11.2026
18:40
Ақтөбеде жасөспірімдерді тонаған күдіктілер 7 ж...
11.11.2026
18:15
«Қатысым жоқ»: Давид Лория әкесіне қатысты дауғ...
11.11.2026
18:14
Мәскеуде Тоқаевтың қатысуымен ҰҚШҰ басшыларының...
11.11.2026
18:04
Көлігі жырадан табылған: Абай облысында жоғалға...
11.11.2026
17:27
Қорғаныс министрлігін тексеруден кейін тағы үш ...