"Мені сотқа беріп жатыр": Атыраудағы іске күдіктінің анасы сұмдық жайтты айтты
Атырау облысында із-түссіз жоғалып кеткен отбасыға қатысты іс қоғам назарынан әлі де түскен жоқ, деп хабарлайды Politico.kz.
Бұл оқиғаға байланысты журналист Руслан Өтепбай арнайы зерттеу жүргізіп, авторлық бағдарламасы аясында Атырауға барып, мән-жайды анықтауға тырысқан. Ол марқұмдардың туыстарымен кездесіп, олардың ұстанымын жария етті.
Бағдарлама барысында күдікке ілінген азаматтың анасы Гүлнәр сөз сөйлеп, ұлы Сұлтан Сәрсемәлиев пен Ақбаян Мұқанғалиева арасындағы қарым-қатынасқа қатысты өз нұсқасын айтты.
Оның сөзінше, Сұлтан мен Ақбаян ресми түрде 2022 жылдың 22 қыркүйегінде ажырасқан.
«Сұлтан мен Ақбаян ажырасып кеткен. Ақбаянның анасы айырған. Сұлтан келіп: “Мама, бізді айырып жатыр, мені сотқа беріп жатыр”, – деді. Оларға алимент керек боп тұрған ғой. Олар 10 жыл бірге тұрды. 2022 жылы қыркүйектің 22-сі күні ажырасқан. Ажырасуға келін анасы арқылы ұсыныс жасаған. “Алимент керек болды... Ақша керек”, – деді Сұлтан. Балам қарсы болды. Сосын мен балама: “Шыда, балалардың тағдыры тұр ғой”, – дедім», – деді Сұлтан Сәрсемәлиевтің анасы.
Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр. Құзырлы органдар тарапынан ресми ақпарат әзірге толық жарияланған жоқ.
Соңғы жаңалықтар