"Менің адамым": Ақбота-Нұр Сейітмағамбет жеке өміріндегі жаңалығын жария етті
Қазақстандық танымал әнші әрі актриса Ақбота-Нұр Сейітмағамбет желіде жаңа жазба жариялап, елді ойландырып қойды. Көпшілік өнер иесінің өмірінде өзгеріс болып жатқанын болжады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Ақбота-Нұр Сейітмағамбет Instagram-дағы парақшасында жаңа жазба жариялап, ел назарын өзіне аударды. Өнер иесі жеке өміріндегі жаңалығын бөлісіп, оқырмандарын таңғалдырған. Ол өміріне өз адамы келгенін хабарлады.
"Қош келдің өміріме, менің адамым", - деген жазба қалдырды әнші.
Оған қоса актриса осы жылы ақ көйлек киіп үлгермегенімен, келер жылға үмітті екенін айтты.
"Биылдан кешіктім енді. Келер жылы бұйыртса", - деп жазды ол.
Желі қолданушылары өнер иесі махаббатын кезіктіргенін болжап, оның сұрақтың астына алды. "Осы жігіт бағыңды ашсын. Ұстаған қолдарың ажырамасын", "Бақытты болыңыз", "Әр әйел бақытты болуға лайықты", "Көп қиындық көрдіңіз. Енді бақытты болатын уақыт келді", "Махабаттарыңыз баянды болсын", "Ол жігіт кім болды екен?", "Қашан көпшілікке көрсетесіз", - деп жазуда оқырмандар.