"Менсінбей, ала көзімен қарады": Қарақатпен суретке түскісі келген көрерменнің көңілі қалған

14.03.2025 09:44
0
569
ашық дереккөзден

Желі қолданушысы Астана қаласында өткен Баян Мақсатқызының «Queen» шоуынан кейін ыңғайсыз жағдайға тап болғанын жазды. Оның айтуынша, концерттен кейін бір топ өнер жұлдызымен суретке түскен, алайда кейбір танымал тұлғалардың әрекеті көңілінен шықпаған, деп хабарлайды POLITICO.KZ ozgeris.info сайтына сілтеме жасап.

Әсіресе, ол Қарақат Әбілдинаның өзіне тым суық қарағанын айтып, күйеуі Қыдырәлі Болмановтың да суретке түсуге құлықсыз болғанын жеткізді. Оның сөзінше, Қарақат суретке түскісі келгендерге көз алартып, тым қатал мінез көрсеткен. Осы ретте желі қолданушысы Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы мен Динара Сәтжанның қарапайымдылығына риза болғанын атап өтті.

Бұл пікірді қолдаған басқа да желі қолданушылары өз тәжірибесімен бөлісті. Олардың арасында Қарақат Әбілдинамен суретке түсу барысында жағымсыз әсер алғандар да бар. Бір қолданушы әншінің өзін тым тәкаппар ұстап, жақтырмаған кейіппен суретке түскенін айтып, мұндай әрекетке көңілі қалғанын жазды.

Осы жағдайға байланысты Қарақат Әбілдина тарапынан әзірге ешқандай пікір білдірілген жоқ. Желіде әртүрлі пікірлер айтылып жатқанымен, жұлдыздардың көпшілік алдындағы әрекеті әрқашан талқыға түсетіні белгілі.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий