Меркі ауданында 5 мың гектарға жуық жер мемлекетке қайтарылды
480
Жамбыл облысы Меркі ауданында ағымдағы жылы пайдаланусыз жатқан 10 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылады деп жоспарланған.
Жыл басынан бері жалпы ауданы 4885 гектар, оның ішінде 616 гектар жайылым, 4269 гектар тәлімді егістік жерлер мемлекеттік жер қорына қайтарылды.
Атап айтқанда, Ақермен ауылдық округіндегі «Меркі» асыл тұқымды зауыты АҚ-ның пайдаланылмай жатқан ауданы 3910 гектар егістік жері Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2023 жылғы 05 сәуірдегі шешімімен және Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 05 маусымдағы қаулысымен жер қорына қайтару туралы талабықанағаттандырылды.
Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2023 жылғы 12 маусымдағы ұйғарымына сәйкес, «SmartAgroKarkara» ЖШС-нің ісі бойынша, үш жақты келісім рәсімдері жүргізіліп, Кеңес ауылдық округінің аумағынан жалпы ауданы 265 гектар егістік жер телімдерін өз еркімен аудандық жер қорына қайтаруға бітімгершілік келісім бекітілді.
Сонымен қатар, Т.Рысқұлов ауылдық округі тұрғындарының тарапынан түскен арыздарына байланысты Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2023 жылғы 17 қаңтардағы ұйғарымына сәйкес, ауданы 15 гектар егістік жер сот тәртібімен қайтарылып, елді мекеннің ортақ пайдаланудағы жері болып белгіленді.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
23:14
Көкшетауда 4 жасар бала ашық құдыққа құлап көз ...
08.10.2026
22:43
Шымкент тұрғындарының жылуға төлейтін қарызы 82...
08.10.2026
22:33
Пәтерін жалға берген астаналық 4 айдан бері үй...
08.10.2026
22:32
«Елді мақтан ету – басты мақсат»: ҚФФ ұлттық қ...
08.10.2026
22:24
Мұхит Сапарбаев: Шоу-бизнесте арықтатын қытай д...
08.10.2026
21:59
Перизат Алпыс: Күйеуім бірінші некеден туған ұл...