Меркіде ресейлік жігітті пышақтаған қазақ өмір бойына сотталуы мүмкін

Меркіде ресейлік жігітті пышақтаған қазақ өмір бойына сотталуы мүмкін
18.04.2025 10:16
0
154
Фото: Видеодан кадр

Меркідегі жанармай құю бекетінде шетелдік мототуристке пышақ сұққан ер адам өмір бойына сотталуы мүмкін, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Жәбірленушінің адвокаты қылмыстық істің бабына өзгеріс енгізілгенін мәлім етті. Адвокат Зәкір Асадовтың айтуынша, турист қазір тәулік бойы тәртіп сақшыларының қорғауында екен. Іс әліде тергеліп жатыр. 

Адвокаттың мәліметінше, іс бұдан да ауыр бап бойынша қайта сараланған.

«Қылмыстық іс 293-баптың 3-бөлігі «Бұзақылықтан» 99-баптың 2-бөлігінің 9-тармағы, яғни «Бұзақылық ниетпен кісі өлтіруге оқталу» бойынша қолданыла отырып, қайта сараланды», - деді Асадов.

Қылмыстық бап бойынша кінәсі дәлелденсе, пышақпен шабуыл жасаған адам 15 жылдан 20 жылға дейін немесе мүлкі тәркіленіп, өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Еске салайық, 13 сәуір күні ер адам ресейлік мототуристі пышақтап кетті. Оқиға Меркідегі жанармай құю бекетінде болған. Кейін күдіктінің туыстары мототуристі қысымға алып, арыздан бас тартуын өтінген еді. Қазір жәбірленуші күштік құрыдымның бақылауында.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий