Меркідегі Мәдинаның өлімі: Жамбыл облыстық полиция мәлімдеме жасады

19.08.2026 21:32 Томирис САҒЫНДЫҚ
Меркідегі Мәдинаның өлімі: Жамбыл облыстық полиция мәлімдеме жасады
55
Фото: Әлеуметтік желіден алынды

ҚР Журналистер одағының мүшесі Жан Ахмадиев Меркіде көз жұмған марқұм Мәдинаның ісін Жамбыл облыстық полиция департаментінің қолға алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz.

«Дәл қазір Жамбыл облыстық Полиция департаментінің бастығы Қайсар Сұлтанбаев мырзамен жолығатын боламыз. Ол кісі бізді арнайы қабылдайын деп жатыр. Сондай-ақ осы Мәдина қарындасымыздың ісін жеке бақылауға алуды сұраймыз», — деді Жан Ахмадиев.

ПД жетекшісі Қайсар Сұлтанбаев аталған істің басты назарда болып, тергеуді ең білікті мамандар жүргізетінін жеткізді.

«Сіздердің бұл сұрақтарыңыз орынды. Өзімнің жеке бақылауыма алдым. Біздің барлық өтініш-тілектеріміз осы кісіге жеткізілді. Бұл іс бізге алынып, тергеу басқармасындағы ең тәжірибелі, ең білікті әрі мықты маманға тапсырылды. Күнделікті бақылауда ұстап, тергеудің сапасын толық қамтамасыз етеміз. Сіздердің бізге көмектескендеріңізге, куәгер ретінде мен де сіздерге тек алғыс айтамыз», — деді Қайсар Сұлтанбаев.

Войдите, чтобы оставить комментарий