Министр Қазақстанда жоғары білім алу қымбат деген пікірмен келіспеді

Министр Қазақстанда жоғары білім алу қымбат деген пікірмен келіспеді
Фото: PrimeMinister.kz
Саясат Нұрбек жоғары білімнің қолжетімді екенін айтты

Университеттегі оқу құнына қатысты журналистер мен министр арасында пікір қайшылығы туды, деп хабарлайды Politico.kz.

Қазақстандағы жоғары оқу орындарында бір жылдық білім алу құны 1-2 миллион теңгеге жеткен. Журналистер мұндай соманы көптеген отбасының қалтасы көтере бермейтінін айтып, мәселені көтерді. Алайда Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек бұл пікірмен келіспейді.

Министрдің сөзінше, Қазақстанда жоғары білім алу мүмкіндігі жеткілікті. Оның айтуынша, соңғы жеті жылда талапкерлерге 655 мыңнан астам мемлекеттік білім гранты бөлінген.

Саясат Нұрбек грант саны мен мектеп бітірушілердің арақатынасын ескерсек, шамамен әрбір екінші түлек мемлекеттік грант иегері атануға мүмкіндік алатынын атап өтті.

Сондай-ақ министр шетелдік жоғары оқу орындарының Қазақстандағы филиалдарында білім алу құны сол елдердің өзінде оқуға қарағанда әлдеқайда төмен екенін жеткізді. Бұған қоса, мемлекет оқу ақысын толық өтейтін гранттар бөлетінін айтты.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу