Мораторий алынып тасталса, бензин бағасы не болады – министр жауап берді
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәжіліс кулуарында бензин бағасына мораторийдің қалай әсер ететіні және ол тоқтатылған жағдайда не болатыны туралы айтып берді, деп хабарлайды Politico.kz.
Ақкенженовтің айтуынша, енгізілген мораторий жанармай бағасының өсуін тоқтатты.
«Егер 31 наурыздан кейін үкімет қайтадан АЗС-тердің қызметіне араласпай, нарықтың өз ережесі бойынша жұмыс істеуі туралы шешім қабылданса, ішкі сұраныс пен ұсыныс бағалардың қалыптасуын анықтайды», – деді министр.
Ол министрлік жанармай бағасының күрт өсуіне жол бермейтінін сендірді.
Еске салсақ, 2025 жылдың қазанында Қазақстанда АИ-92 маркалы бензин мен дизель отынының бағасын көтеруге мораторий енгізілген еді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
27.10.2026
21:56
Microsoft 60 мың қызметкеріне өз еркімен жұмыст...
27.10.2026
20:40
Жамбыл облысында заңсыз көші-қон ұйымдастырған ...
27.10.2026
19:53
Қызылорда полициясы атышулы жол апатына кінәлі ...
27.10.2026
19:20
«Ерен еңбегі үшін» медалі ел арасында қызу талқ...
27.10.2026
18:49
Айсултан Сейітов пен A$AP Rocky-дің жаңа клипі ...
27.10.2026
18:16
28 қазан, сағат 11:00: Тоқаев халыққа үн қатады