Мұғалімдерді артық есептен құтқаратын заң әзірленді
850
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов педагогтердің артық жүктемесін азайтуға бағытталған заң жобасы әзірленгенін мәлімдеді. Оның айтуынша, ұстаздарды кәсіби қызметіне қатысы жоқ тапсырмалардан қорғау – білім сапасын арттырудың маңызды шарты, деп хабарлайды Politico.kz.
Депутаттың сөзінше, кейбір мектептерде мұғалімдерді рилс түсіруге мәжбүрлеу, жұмыс уақытынан тыс, тіпті түнгі мезгілде WhatsApp арқылы жауап беруге міндеттеу, сондай-ақ есепті электронды және қағаз форматта қатар тапсыру секілді артық талаптар әлі де кездеседі.
Жаңа заң жобасы дәл осындай негізсіз жүктемелерді қысқартуды көздейді.
«Бұл – өте маңызды мәселе. Ұстаздар артық міндетпен емес, сапалы білім мен саналы тәрбиемен айналысуы тиіс», – деді Асхат Аймағамбетов.
Оның мәліметінше, заң жобасы жұмысқа қабылданып, келесі аптадан бастап жұмыс тобының талқылауына шығарылады. Құжат талқылау барысында жан-жақты қарастырылып, тиісті ұсыныстар енгізілмек.
Соңғы жаңалықтар
03.10.2026
09:13
Тікелей эфирдегі ойынның соңы түрмемен аяқталды...
02.10.2026
23:53
Қыран Талапбек: 12 жасымда айына 5 мың доллар т...
02.10.2026
23:38
"Қазір тоқал алуға қарсымын". Роза Әлқожа іштег...
02.10.2026
23:25
Ақтөбе аспанынан дронға ұқсас белгісіз нысан ба...
02.10.2026
22:40
Дәрігерлердің құқығын қорғауға бағытталған жаңа...
02.10.2026
22:36
97 келіге арықтаған модель: Асқазанымның 80%-ын...