«Мұндай болып тұрады»: Астанадағы танымал мейрамхананың тағамынан тарақан шықты

«Мұндай болып тұрады»: Астанадағы танымал мейрамхананың тағамынан тарақан шықты
Әлеуметтік желіден
Астанадағы танымал мейрамхана дауға қалды

Астанадағы Okadzaki мейрамханаларының бірінде келуші тағамының ішінен тарақан шыққанын айтып, бұл туралы әлеуметтік желідегі Threads парақшасында жариялады, деп хабарлайды Politico.kz.

Оның айтуынша, шағымданған кезде мейрамхана әкімшісі «мұндай болып тұрады» деп жауап берген. Сондай-ақ қызметкерлер сорпаны есепшоттан алып тастауды ұсынған.

Оқиға әлеуметтік желіде қызу талқыланғаннан кейін, Okadzaki әкімшілігі ресми пікір білдірді. Олар асүйде ішкі тексеріс жүргізілгенін, қосымша санитарлық өңдеу қызметі шақырылғанын және барлық ішкі процестер қайта қаралғанын хабарлады.

Мейрамхана өкілдерінің айтуынша, қазіргі уақытта зиянкестердің қайта анықталған жағдайлары тіркелмеген. Дегенмен, мұндай жағдайдың қайталанбауы үшін барлық қажетті шаралар қабылданатынын мәлімдеді.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу