Мың еркек зорлаған қызылордалық оқушы қыздың анасы туралы тың дерек шықты
Қызылордада жасөспірім қызды жезөкшелікке тарту ісі бойынша жаңа шешім қабылданды. Оқиға қоғамда кең талқыланып, көпшіліктің назарын аударған еді. Соған байланысты жәбірленушінің анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бұл істі қарап, жәбірленушінің анасының өз міндеттерін тиісінше орындамағанын анықтады. Соттың хабарлауынша, ол Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 127-бабының 1-бөлігі бойынша, яғни кәмелетке толмағанды тәрбиелеу, білім беру және оның құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындамау бабымен жауапқа тартылды.
Сот шешімімен әйелге айыппұл салынды. Сонымен қатар, заңнамаға сәйкес айыппұл көлемі 30 пайызға азайтылып, 7 айлық есептік көрсеткіш (27 524 теңге) мөлшерінде белгіленді. Алайда қаулы әлі заңды күшіне енген жоқ.
Бұл іс қоғамда үлкен резонанс туғызған болатын. Себебі, тергеу барысында 16 жастағы оқушы қыздың сыныптастары оны бірнеше ай бойы жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлегені анықталған. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасып жатыр, ал құқық қорғау органдары жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында тиісті шаралар қабылдауда.
Соңғы жаңалықтар