Нариман Құрбанов Қазақстан қоржынына тағы бір медаль әкелді
1095
Құрбанов финалда 14,933 ұпай жинап, жүлдеге ілікті
Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі Нариман Құрбановтың Германиядағы беделді додада жүлдегер атанды. Ол Көркем гимнастика бойынша әлем кубогы кезеңінде қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Politico.kz.
Жарыс Котбус қаласында өтті. Ат снарядындағы финалда өнер көрсеткен Құрбанов шешуші сәтте 14,933 ұпай жинап, үздік үштікті түйіндеді.
Алтын медальді италиялық Габриэле Таргетта иеленді – 15,000 ұпай. Күміс жүлде армениялық Мамикон Хачатрян еншісінде (14,966).Финалда тағы бір қазақстандық гимнаст Зейнолла Идрисов 14,833 ұпаймен төртінші орынға тұрақтады.
Осылайша, Қазақстан құрамасы халықаралық аренада тағы бір жүлдемен қоржын толықтырды. Нариман Құрбановтың бұл жетістігі алдағы ірі жарыстар қарсаңында команданың әлеуетін айқындай түсті.
Соңғы жаңалықтар
06.10.2026
11:31
Лифтте қызға тиіскен алматылыққа сот үкімі шықты
06.10.2026
11:14
16 миллион қазақстандықтың дерегінің таралуы: м...
06.10.2026
10:54
Кореядағы жаппай төбелеске қазақстандықтардың қ...
06.10.2026
10:53
«Азаматтарға арналған үкімет» филиалы директоры...
06.10.2026
10:46
Францияда Сальвадор Дали жасаған 150 келілік қо...
06.10.2026
10:30
Қазақмыс ескі жабдықтармен қоштасып су жаңасына...