Қарағандыда пәтер тонаумен айналысқан топ ұсталды: 3 ер адам қамауға алынды
695
Ауланы аңдып, пәтерді торыған
Қарағанды облысында бірнеше пәтер ұрлығына күдікті топ арнайы операция кезінде қолға түсті. Криминалдық полиция қызметкерлері «Арлан» арнайы жасағының қолдауымен күдіктілер тұрған пәтерге басып кірген, деп хабарлайды Politico.kz.
Таратылған бейнежазбада ер адамдардың аулаларды торуылдап, кіреберістерді бақылап, пәтерлерді аңдығаны анық көрінеді. Тергеу мәліметінше, олар алдымен «нысанды» таңдап алып, кейін терезе торларын бұзып, үйге терезе арқылы кірген.
Ең шулы эпизодтардың бірі Қарағанды қаласындағы Лобода көшесінде болған. Пәтерден 40-қа жуық гауһар тасты алтын бұйым, үлбірлі қымбат тон және ноутбук ұрланған. Алдын ала есеп бойынша шығын көлемі 20 миллион теңгеден асады.
Арнайы операция барысында 35-39 жас аралығындағы үш ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция аса ірі мөлшердегі ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Қазір күдіктілердің өңірдегі басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Тергеу жалғасуда.
Соңғы жаңалықтар
06.10.2026
18:04
Әлия Назарбаеваның бұрынғы компаниясы біржола ж...
06.10.2026
17:25
Құрылтай депутаты пара Азия ойындарында бақ сын...
06.10.2026
17:23
Ақмола облысында итті балтамен ұрып өлтірген ер...
06.10.2026
16:37
Алматыда жылу қашан берілетіні белгілі болды
06.10.2026
16:08
15 жастағы оқушы қыз мектеп алдында құрдастарын...
06.10.2026
15:34
Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы ...