Наркенже Серікбаева әншілерді тегін тойға жіберетін басшыға ескерту жасады
1752
Белгілі әнші Наркенже Серікбаева өзі қызмет атқарған Шәмші Қалдаяқов атындағы Түркістан облыстық филармониясының былығын ашты.
Мен су ішкен құдығыма ешқашан түкірген емеспін. Шәмші атамыздың атындағы сарайды жарға жықпай, керісінше, жарқырағанын қалайтын жанмын. Әнұранымыздың авторы, ұлы композитордың атын иемденген, жамау-жамау күйдегі филармонияның бүгінгі жай-күйін айттым. Шындық ащы болады, біраз кісілер шыңғырып жіберді, – деді әнші.Одан кейін ол басшылықтың филармониядағы әншілерді тегін тойға шығаратынын да жайып салды.
Ғалымжан мырза, сосын сізге айтарым, қызметіңізді асыра пайдалана бермеңіз! Қалаған уақытта шақырып алатын әнші қыздар сіздің қолжаулығыңыз емес. Әнші қыз-жігіттерді жұмыстан тыс уақытта тегін тойға жіберуді қойыңыз! Олар да бір айлыққа қарап отырмай, кешкі тойға шығып, ақшасын тапсын! Өнер адамына еркіндік сыйлаңыздар! Құзыретіңізді абайлап пайдаланыңыз! Менде біраз материал бар. Бәлеқор емеспін. Бірақ мені ашуландырмаңыз! – деп ескертті Наркенже Серікбаева.
Соңғы жаңалықтар
03.10.2026
17:19
Түнде Астанада әскери техника қаптады: Билік се...
03.10.2026
16:01
Дубай–Тель-Авив рейсіндегі төтенше жағдай: Екін...
03.10.2026
15:05
Тоқаев Қорғаныс министрлігіндегі үш жоғары лауа...
03.10.2026
14:17
Қызылорда облысында 500-ден астам мұғалімнің же...
03.10.2026
13:16
Түрмеде отырып 4 млн теңге жымқырған: Қазақстан...
03.10.2026
12:21
Қарызын сұрағаннан кейін үйіне мылтықпен барған...