“Нашар адамдар”: Ақбота Керімбекова Жанар Айжановаға не үшін ренжіді?

10.12.2025 08:12 Берік Арманов
“Нашар адамдар”: Ақбота Керімбекова Жанар Айжановаға не үшін ренжіді?
0
151
Коллаж: sn.kz

Әнші Ақбота Керімбекова туған күніндегі қызықтарын оқырмандарымен бөлісіп, желіге жүктеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ Sn.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

Ол өнердегі әпкесі Жанар Айжановамен түскен видеосын жариялады. Кадрлардан Керімбекованың Айжановаға өкпелеп отырғанын байқауға болады. 

"Осылар менің туған күнімді ұмытып кеткен негізі. Осыларды да әріптестер деп айтады негізі. Біреуі құттықтаған жоқ қой. Нашар адамдар бар ғой", - деді Ақбота Керімбекова. 

Алайда кадр соңында Жанар Айжанованың туған күн иесін құттықтап, 20 мың теңге сыйлығын бергенін байқауға болады. 

"Еркелесек еркелігімізді, қалжыңдасақ қалжыңымызды көтеретін Жанардай әпке кімде бар? Әрине, бізде ғана! Кеше Сыр елінде @an_men_anshi.kz - нің гастрольдік сапары басталғаны белгілі. Сахнаға шығатын кезегіміз келгенше көптен кездеспеген әріптестермен қауышып, бір жасап қалдық. Зілі жоқ әзілімізбен сіздермен де бөлісіп қояйық. Жасай беріңіз, Жанар Айжанова", - деп жазды ол. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий