Наурызбай қажы Тағанұлы қайтадан Қазақстанның бас мүфтиі болып сайланды

Наурызбай қажы Тағанұлы қайтадан Қазақстанның бас мүфтиі болып сайланды
26.12.2024 14:38
0
653
ҚМДБ баспасөз қызметі
Қазақстанның бас мүфтиін қайта сайлау өтті

Қазақстанның бас мүфтиін қайта сайлау рәсімі өтті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Құрылтай барысында Наурызбай қажы Тағанұлы Өтпенов қайтадан бас мүфти лауазымына тағайындалды. Съезге қатысқан 300-ге жуық делегат оның кандидатурасын бірауыздан қолдады.

"Бұл үлкен сенім мен үшін үлкен жауапкершілік. Бізде бірқатар жоспарланған іс-шаралар бар. Мәселен, 2025 жылы Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасының жеке мүфтият ретінде құрылғанына 35 жыл толады. Осы мерейтой аясында барлық қауымды бірлесіп, көптеген игі істерді жүзеге асыруға шақырамын," – деді бас мүфти.

Наурызбай қажы Тағанұлы 1977 жылы 13 наурызда дүниеге келген. Ол Өзбекстанның Ташкент қаласындағы Имам әл-Бұхари атындағы Ислам институтын тәмамдаған. 2009 жылы Египет Араб Республикасында діни білімін жетілдірген.

2020 жылы "Нұр-Мүбарак" Египет ислам мәдениеті университетінде исламтану саласы бойынша PhD докторлық дәрежесін қорғаған. Әр жылдары ол ҚМДБ-ның Қарағанды облысындағы өкілі, Астанадағы өкілі, "Нұр-Астана" және "Әзірет Сұлтан" мешіттерінің бас имамы қызметтерін атқарған.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или