Назарбаев мектебінде оқушы терезеден құлап кетті
Петропавл қаласындағы жаратылыстану-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде төтенше жағдай болды, деп хабарлайды Politico.kz.
17 ақпан күні мектеп оқушысы үшінші қабаттан құлап, жарақат алған. Бұл ақпаратты басылымға НЗМ-нің баспасөз қызметі растады.
«Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Оқушы медициналық мекемеде», – деп хабарлады оқу орнының өкілдері.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккен жасөспірім көпсалалы қалалық ауруханаға жеткізілген.
«Науқас жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр, бірақ есін біледі. Қосымша ақпарат кейінірек беріледі», – деп мәлімдеді облздравта.
Белгілі болғандай, оқушы 18 жаста.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
17.11.2026
21:19
Павлодарда ер адам автобус жүргізушісін соққыға...
17.11.2026
20:05
«Болашақтың ғылымы туралы әңгіменің құны көк ти...
17.11.2026
19:12
Алматыда жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы қылм...
17.11.2026
18:38
Ресейлік кәсіпкерлер Kaspi.kz арқылы тауар сату...
17.11.2026
18:04
Мектеп әжетханасында 10-дағы баланың зорланғаны...
17.11.2026
17:36
СҚО-да ер адам өзін өртеп жіберді, мұны көрген ...