Непалдағы жойқын тасқынның салдары ауыр: 550-ден астам адам қаза тапты
645
Непал мен Қытайдың шекаралас аймақтарында болған жойқын су тасқынынан кейін 1500-ден астам адам хабар-ошарсыз кеткендер қатарында, деп хабарлайды Politico.kz.
Соңғы мәлімет бойынша, Непалда 547 адам қаза тапса, Қытайдың Тибет аймағында тағы 5 адам көз жұмған. Осылайша табиғи апат салдарынан қаза тапқандар саны 550-ден асты.
Хабар-ошарсыз кеткендердің арасында Қазақстанның екі азаматы да бар. Бұл туралы Қазақстан Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді. Қазіргі уақытта оларды іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Іздеу-құтқару операциялары опырылған жерден кейін пайда болған көлдегі су деңгейінің көтерілу қаупіне байланысты шамамен үш сағатқа тоқтатылған. Қауіп сейілген соң жұмыстар қайта жалғасты.
Непалға Үндістан, Қытай, АҚШ, Ұлыбритания, Жапония және Оңтүстік Корея сияқты бірнеше мемлекет көмек ұсынды. Алайда Непал билігі әзірге шетелдік құтқару топтарын тартудың қажеті жоқ екенін мәлімдеді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
12.10.2026
22:05
Оралда мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткен ...
12.10.2026
20:26
ҚР Сыртқы істер министрлігі Сауд Арабиясындағы ...
12.10.2026
19:27
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Бельгия Королі және Кор...
12.10.2026
18:05
Қазақстан Президенті мен Бельгия Королі БАҚ өкі...
12.10.2026
17:53
«Жаман жарнама болмайды»: Қазақстан елшісі «Бор...
12.10.2026
17:01
Түркияда туристік автобус эвакуатормен соқтығыс...