"Нөлден бастадық": Мөлдір Мұқанова өз шындығын айтты

26.12.2025 16:34 Мөлдір Талғат Мөлдір Талғат
0
94
Фото: ашық дереккөз

Медиа кеңістікте танымал продюсер әрі блогер Мөлдір Мұқан «Тек қана қыздар» подкастына берген сұхбатында жеке өміріне қатысты көпшілікке беймәлім жайттармен бөлісті, деп хабарлайды politico.kz.

Ол ауқатты, әулетті отбасында өссе де, махаббат үшін материалдық жағдайы жоқ жігітке тұрмысқа шыққанын ашық айтты.

Мөлдір Мұқан бала кезінен баршылықты көріп өскенін еске алды. Оның айтуынша, отбасында бірнеше теледидар болған, ауылдағы алғашқы түрлі түсті теледидар мен жұмсақ диван да дәл олардың үйінде тұрған. Алайда өмірлік серігін таңдауда байлық пен жағдай емес, жүрек қалауына басымдық бергенін жеткізді.

"Қолында түгі жоқ жігітке тұрмысқа шықтым. Сол себепті бәрін нөлден бастадық", – деді ол сұхбат барысында.

Сондай-ақ продюсер ата-анасынан ерте айырылып, өмірдің талай ауыр кезеңдерінен өткенін, сол сынақтар оның мінезі мен көзқарасын қалыптастырғанын жасырмады.

Бұл әңгіме әлеуметтік желіде қызу талқылауға ұласты. Кейбір қолданушылар Мөлдір Мұқанның ашықтығы мен жеке таңдауын қолдап, шынайылығын жоғары бағаласа, енді біреулері бұрынғы жұбайына қатысты айтылған сөздерді орынсыз деп сынға алды. Осылайша пікірлер арасында әрі қолдау, әрі сын қатар өрбіді.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий