Нұрай Серікбайды өлтірген күдікті жазадан құтылып кетуі мүмкін бе? 

02.04.2026 • 12:12 Әсел МҰРАТ
 Нұрай Серікбайды өлтірген күдікті жазадан құтылып кетуі мүмкін бе? 
872
Фото: коллаж politico.kz

Шымкентте 21 жастағы студент  Нұрай Серікбайдың өліміне кінәлі жауапкершіліктен құтылып кетпейді, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов мәлімдеді

Әленов күдіктінің жазадан жалтаруына ешқандай негіз жоқ екенін айтты.

Оның айтуынша, қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктіге бір ай ішінде кешенді сараптама тағайындалады, оның ішінде есінің дұрыстығына (ақыл-есінің сау екеніне) тексеру де бар.

«Емдеу және сараптама шаралары аяқталған соң күдікті қайта жеткізіліп, қылмыстық іс сотқа жолданады. Осыдан кейін ол заң аясында жауапқа тартылады», - деді ол.

Еске сала кетейік, күні кеше екі рет жүргізілген сот-психиатриялық сараптаманың қорытындысы бойынша күдіктіден психикалық бұзылыстар анықталып, осыған байланысты ол мамандандырылған мекемеге мәжбүрлі емдеуге жіберілгені хабарланған еді.

Бұған дейін қаңтарда Шымкентте 21 жастағы студентті оны бұрынғы жігіті асқан қатігездікпен пышақтап өлтіргені хабарланған еді.
 

Войдите, чтобы оставить комментарий