Нұрайдың өлімінен кейін полицияда кімдер жауапқа тартылады

22.01.2026 12:10 Әсел Мұрат Әсел Мұрат
Нұрайдың өлімінен кейін полицияда кімдер жауапқа тартылады
239
Фото: ашық дереккөз

Шымкентте қызды қорғау үшін тиісті шара қолданбаған тәртіп сақшыларына қатысты қылмыстық істер қозғалды, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы Сенат кулуарында Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов айтты. 

«Осы дерек аясында өз қызметіне салғырт қарау белгілері бойынша қылмыстық іс қозғадық. Ол бойынша тергеу амалдарын ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаменті бастады. Атап айтқанда, қылмыстық істі тіркеу және күдіктіні қылмыстық жауапкершілікке тарту жөнінде тиісті шаралар қолданбаған полиция қызметкерлеріне қатысты болады», - деді Әділов.

Оның айтуынша, бірінші кезекте полицияның аудандық басқармасындағы лауазымды қызметкерлерінің жауапкершілігі қарастырылып жатыр. Сондай-ақ тергеу аясында қалалық Полиция департаменті басшылығының жұмысына да құқықтық баға беріледі.

 Еске сала кетейік, Тоқаев Шымкент қалалық полиция департаменті әрекеттерін тексеруді тапсырған болатын. 

20 қаңтар күні Шымкент полиция департаментінде кадрлық өзгерістер болды. Бұл шешімдер 21 жастағы студент Нұрай Серікбайдың өлімінен кейін қабылданды.

Шымкенттің полиция бастығы және оның орынбасары қызметінен кетті.

Айта кетейік, марқұм Нұрай Серікбайдың өліміне күдікті ретінде 28 жастағы Шымкент тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бұған дейін марқұм 21 жастағы Нұрай Серікбайдың туған-туыстары қайғылы оқиғаның алдын алуға мүмкіндік болғанын мәлімдеді. Олардың айтуынша, марқұм қудалау мен қорқыту деректері бойынша бірнеше рет көмек сұрап құқық қорғау органдарына жүгінген, алайда полиция өтініштерді тиісті деңгейде қарамаған.
 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий