«Одан артығы жоқ»: Бақытжан Базарбекті вице-президент лауазымына ұсынып жатыр
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қызылодада өткен V Ұлттық Құрылтайда елімізде вице-президент лауазымы пайда болады деген сөзінен кейін жел қолданушылар өз кандидаттарын ұсынып жатыр, деп хабарлайды Politico.kz.
Әлеуметтік желілерде әсіресе Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбекті еліміздегі президенттен кейінгі екінші жоғары лауазымға ұсыну туралы пікірлердің қарасы қалың.
Қоғам белсендісі Бекболат Қаржанның айтуынша, Базарбек бұл орынға барса, қозғалыс басталады, әрі президент Тоқаевқа өте үлкен көмек береді.
«Қазақстан Республикасының вице-президентіне лайықты бір азамат бар. Ол — Бақытжан ағам! Осы кісі сол орынға барса, қозғалыс басталады. Әрі президент Тоқаевқа өте үлкен көмек береді», - деп жазды ол.
Желі қолданушылары оның бұл ұсынысын жаппай қолдап, түрлі пікір қалдырды.
«Президент ел ертеңін ойлайтын болса Бақытжан Базарбек ағамызды жанына жақындату керек», «Тоқаевтың беделінің нағыз халық алдында артатын кезі - Бақытжанды вице президентке тағайындауы болар еді», «Бақытжан Базарбек ағамыз лайықты, елім жерім дейтін азамат», - деп жазды желі қолданушылары.
Айта кетейік, жақында Тоқаевтың жарлығымен бекітілген Конституциялық комиссияның құрамында Бақытжан Базарбек жоқ болып шықты.
Қызылодада өткен V Ұлттық Құрылтайда президент елдегі мелмекеттік кеңесші лауазымын жойып, жаңа вице-президент лауазымын енгізуді ұсынды.
Бақытжан Базарбек – заңгер, қоғам белсендісі. 2023 жылдың наурызынан – бір мандатты сайлау округі бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылым депутаты.
Соңғы жаңалықтар