Олжас Бектенов Түркістан облысындағы агроөнеркәсіпті дамыту шараларымен танысты
454
барлық ұйым қатысуы тиіс маңызды міндет», — деді Олжас Бектенов.
Оған қоса Үкімет басшысы жобаларды уақтылы қаржыландыру жөнінде шаралар қабылдау, сондай-ақ қосымша су қоймалары мен ирригациялық каналдарды кезең-кезеңмен салу мəселесін пысықтау тапсырылды.
Сондай-ақ Олжас Бектенов «Түркістан Агро XXI» кəсіпорнының аумағындағы егіс алқабын аралап көрді. Премьер-Министр заманауи суару жүйелерін тексерді. Бүгінде су шашырату технологиясы 733 га жерге орнатылды, бұл көрсеткішті 1 000 га жерге жеткізу жоспарланып отыр. Осы жер учаскесін жем-шөп базасымен қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын жоңышқа, жүгері сүрлемі жəне күздік бидай егу бойынша көктемгі жəне күзгі дала жұмыстары жүргізіледі.
Мұнда Үкімет басшысына өңірдегі агроөнеркəсіп кешенін дамыту жəне АӨК саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша қабылданып жатқан шаралар, сондай-ақ көктемгі дала жұмыстарының барысы туралы баяндалды. Түркістан облысы ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің 13%-ын қамтамасыз етеді. Мұнда барлық агроқұрылымның 35%-ы немесе 80 мыңнан астам нысан жұмыс істейді. Еліміздің суармалы алқабының төрттен бір бөлігі Түркістан облысында орналасқан.
Түркістан облысы əкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы 2024-2026 жылдары өңірде АӨК саласында жалпы сомасы 507 млрд теңгеге 8,3 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 105 жобаны іске асыру жоспарланып отырғанын айтты. Оның ішінде биыл құны 114 млрд теңге болатын 45 жобаны іске асыру көзделген. Бұдан басқа Қазақстан Республикасының Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында облыста биыл 22 мың га-ға, одан əрі 2028 жылға дейін 216,3 мың га-ға кеңейте отырып, су үнемдеу технологияларын енгізу көзделген.
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет жыл сайын отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау үшін қомақты қаражат бөледі. Біз АӨК-те жобаларды іске асыруға əрі қарай да жəрдем көрсететін боламыз. Алайда бюджет қаражатын барынша тиімді пайдалану қажеттігін атап өткім келеді», - деді Премьер-Министр Олжас Бектенов
Соңғы жаңалықтар
22.03.2026
17:23
Санжар Боқаев екі айға қамалды
22.03.2026
16:13
Абай облысында бес күн далада қалған малшы қар ...
22.03.2026
15:15
Шалқарда қаза тапқан 17 жастағы жасөспірім жер ...
22.03.2026
14:18
Дональд Трамп Иранға 48 сағат уақыт берді: Орму...
22.03.2026
13:14
Қосшы қаласында жаңа туған нәрестенің денесі жо...
22.03.2026
12:19
Премьер-министр Олжас Бектенов барша қазақстанд...