Омар Жәлел қазіргі тойлар туралы айтып, жұртты ойландырды

16.11.2025 12:30 Берік Арманов
Омар Жәлел қазіргі тойлар туралы айтып, жұртты ойландырды
0
58
Фото: @omarjaleluly_official_page. Суретте: Омар Жәлел

Белгілі абайтанушы Омар Жәлел қазіргі тойлардағы атмосфера мен ұйымдастыру тәсілдеріне байланысты сын айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Оның айтуынша, бұрынғы дәстүрлі тойлар әлдеқайда мазмұнды және жанға жайлы өткен.

«20 ғасырда палаткада өткен тойлар халықтық сипатта болатын. Қонақтар тек тамақтанып қана қоймай, көңілі көтеріліп қайтатын. Әншілер шақырылмайтын, арнайы асаба болмайтын. Ауылдың бір жігіті-ақ басқарып, жұрт өзара ән айтып, шерін тарқатып, жақсы демалатын», — дейді ол.

Абайтанушы қазіргі тойлардан мұндай жылулық пен еркіндікті көрмеймін дейді. Оның пікірінше, бүгінгі мерекелерде музыканың қатты қойылуы кездейсоқ емес — бұл адамдардың өзара сөйлесуіне әдейі кедергі жасайды.

«Мұның бәрі қонақтарды жаппай психозға енгізу үшін жасалады. Адамдарға еркін сөйлесуге мүмкіндік берілмейді. Барлығы асабаның айтқанын тыңдап, соның ырқына бағынып отыруы тиіс. Бұл — тойдағы автократиялық, тоталитарлық әдіс», — деп қорытындылады Омар Жәлел.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий