"Өмір жолы осы парақтарда қалғандай". Асанәлі Әшімовтің қызы тағы жазба жариялады
КСРО Халық әртісі, қазақ киносы мен театрының абызы атанған Асанәлі Әшімовтің қызы Сағина Әшімова әкесі туралы әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды Politico.kz.
Ол архивте сақталған естеліктерді ақтарып отырып, өткен күндерге деген сағынышын жеткізген.
«Бүгін әкемнің артында қалған естеліктерді ақтарып отырып, архивте сақталған газеттерді қайта қарадым. “Экспресс К”, “Жас Алаш”, “Алматы Ақшамы” беттеріндегі сол бір сәттер жүрекке сағыныш ұялатады. Аңсап, естелік суреттерді ашып, өткен күндерді еске алып отырмын. Әкемнің ізі, оның өмір жолы осы парақтарда қалғандай сезіледі», – деп жазды Сағина Әшімова.
Бұл жазба желі қолданушыларының жүрегін елжіретіп, көпшілік қазақ өнерінің алып тұлғасына деген құрмет пен сағыныш сезімін тағы бір мәрте еске салды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
17.11.2026
21:19
Павлодарда ер адам автобус жүргізушісін соққыға...
17.11.2026
20:05
«Болашақтың ғылымы туралы әңгіменің құны көк ти...
17.11.2026
19:12
Алматыда жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы қылм...
17.11.2026
18:38
Ресейлік кәсіпкерлер Kaspi.kz арқылы тауар сату...
17.11.2026
18:04
Мектеп әжетханасында 10-дағы баланың зорланғаны...
17.11.2026
17:36
СҚО-да ер адам өзін өртеп жіберді, мұны көрген ...