Оңтүстік Кореяда қазақстандық көз жұмды
Сеулдегі құрылыс алаңында Қазақстан азаматы қаза тапты, деп хабарлайды Politico.kz.
Ақпаратты тілшімізге еліміздің сыртқы істер министрлігі растады. СІМ мәліметінше, қазақстандық жазатайым оқиға салдарынан көз жұмған.
«Қазіргі уақытта Корея Республикасының құзырлы органдары оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жұмыстарын бастады. Қазақстандық дипломаттар марқұмның туыстарымен байланыс орнатып, оларға консулдық-құқықтық көмек көрсетіп жатыр», – делінген хабарламада.
Оқиғаның мән-жайын Кореяның органдары анықтап жатыр. Оңтүстік Кореяның ақпарат құралдарының жазуынша, оқиға 29 қыркүйекте болған. Ер адам ғимараттың 23-қабатында болған, бетоннан жасалған төбенің бір жағы құлаған.
Осы оқиғадан кейін Оңтүстік Кореяның еңбек министрлігі құрылыс нысанындағы жұмысты тоқтатқан.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
15.11.2026
17:14
Ақмола облысында трактор аударылып, жүргізушісі...
15.11.2026
16:18
Қазақстанда тағы бір тасжол ақылы болды: Жүргіз...
15.11.2026
15:20
Қостанай облысында көлік аударылып, төрт адам а...
15.11.2026
14:19
Ақтаудағы «Тұлпар» мектебіндегі жанжал: Қорланғ...
15.11.2026
13:10
Алматыда Асанәлі Әшімовтің бір жылдық асы берілді
15.11.2026
12:38
Ақтаудағы бір шағынауданда ер адам кішкентай қы...