«Оны менен басқа кім жасайды?»: Дана Нұржігіттің әрекеті жұртты жылатты

25.01.2026 15:26 Берік Арманов Берік Арманов
«Оны менен басқа кім жасайды?»:  Дана Нұржігіттің әрекеті жұртты жылатты
60
Фото: видеодан кадр

Тележурналист Дана Нұржігіт марқұм жұбайы Владимир Рерихтің дүниеден өткен күніне орай Құран бағыштап, ас бергенін әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Politico.kz.

Журналист бұл қадамға не үшін барғанын түсіндіріп, баласының әкесінің өмірден өткенін біліп, соны сезініп өсуі маңызды екенін атап өтті.

«Кеше үйде жақын достарымды жинап, иіс шығарып, Құран бағыштадық. Әлімнің әкесінің кеткен күні деп. Бала білсін, сезінсін деген ойым. Оны анасы-мен жасамағанда кім жасайды?! Өмірде бәрі болады. Бірақ бәрі өткінші. Ақиқаты – артта қалған ұрпақ», – деп жазды ол.

Сондай-ақ Дана Нұржігіт мұндай сәттердің отбасы үшін мәні зор екенін айтып, баласының да шараға белсенді қатысқанын жеткізді.

«Құрбан шалып, өліге – иман, тіріге – береке деп қол жайдық. Балам осындайда кәдімгідей шаруаға кірісіп, бір жағынан шығысып, қонақтарға ерекше көңіл бөлуге тырысады. Есейіп келеді…», – деді тележурналист.

Айта кетейік, Дана Нұржігіт марқұм жұбайының рухына арналған дастарханды әзірлеуге атсалысқан жандарға алғысын білдірді.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий