«Оралман» болсақ, еліме көшіп келдік»: Шерзат Болаттың әжесі
3980
Талғарда кісі қолынан қаза тапқан Шерзат Болаттың әкесінің күні кеше қолына пышақ ұстап жүрген видеосы тарап, жұртты шошытты.
Осы видеоға қатысты Қаржаубай Нұрымовтың анасы мәлімдеме жасады. Ол оқиға шиеленісіп бара жатқанына алаңдаулы.
Марқұм Шерзаттың әжесінің видеосы Instagram-дағы Almaty.official парақшасында жарияланды.
Бізді осы дәрежеде қорлайтындай біз не жаздық бұларға? Не кінәміз болды? Біз олардан пиво сұрап, арақ сұрап, үйлеріне, магазиндеріне барғанымыз жоқ қой. Олар кінәлі адамдар емес пе, өздері келіп, өздері тиісіп, өздері бастап тұр. Енді заң орындарында адамдары бар. Сол заң орындарындағы адамдар, азаматсыңдар ғой сендер де, сендердің бастарыңа түспей ме сондай күн? Алладан қорықпайсыңдар ма? Жаратушы иенің бар екенін сол дәрежеде сенімдеріңнің жоқтығына таңқалам. "Видео жоқ" дедіңдер де, қайтадан бөліп-бөліп өздеріңе ыңғайлап әр жерді кесіп, мына жері мынадай деп салып отырсыңдар. «Аққа құдай жақ" деген, бірақ менің балаларым адам өлтірген жоқ. Адамның қанын ішкен жоқ. Өздеріңнің намыстарың білсін, - дейді әжесі.Ол қайғы өздерінің бастарына түспесе, түсіну қиын екенін айтады.
"Оралман" деп, "сырттан келгендер" деп осындай дәрежеге әкеліп отырған болсаңдар, мен қаңғып келген адам емеспін. Өзімнің атамекеніме, жұртыма, еліме көшіп келген адаммын. Мен 1989-да көшіп келген адаммын. Менің бала-шағам осы жерде туылды, қаны осы жерде тамды, осы жерде саналы азаматтар болып өсіп жатыр. Бәрінің құжаты бар, қазақстан азаматы мен азаматшалары, ел елегінен өткізіп, сабырға келіп, ақ-қарасын, не болып жатқанына ақыл қосасыңдар, қаралайсыңдар ма өздерің білесіңдер. Мынау түсініксіз жағдай, қатты түсініксіз жағдай, менің балам өліп ауруханада жүрдім, моргта жүрдім, баламды қоям деп жүрдім. Сол аралықты пайдаланып, осындай видео шығарғанда, жоқ боп кеткен кезде видеоларды өздеріне ыңғайластырып қосып жатқан азаматтардың бастарына берсін осы күнді. Басқа айтар сөзім жоқ, - дейді марқұм Шерзат Болаттың әжесі.
Соңғы жаңалықтар
30.06.2026
10:10
Ұрлық жасаған бір отбасының үш келіні ұсталды
30.06.2026
09:39
"Батылдығы мен сабырлылығы үшін таңдадым": өрте...
30.06.2026
08:52
Түркістан облысында жол апатынан бір әулеттің 5...
29.06.2026
18:27
6 айлық ұлын өлтірген әке 15 жылға сотталды
29.06.2026
17:47
Павлодарда көлік жол жиегінде тұрған адамдарды ...
29.06.2026
17:34
"Мендей қорлық көрмендер": Өз ұлынан азап көрге...