Өскемен гарнизонындағы сарбаз өлімі: әскерде әлімжеттік болғаны анықталды

23.04.2026 11:59 Әсел Мұрат
Өскемен гарнизонындағы сарбаз өлімі: әскерде әлімжеттік болғаны анықталды
251
Фото: ашық дереккөз

Бас әскери прокуратура Өскемен гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде қаңтар айында қаза тапқан сарбаз Оспановтың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Politico.kz.   

Тергеу барысында батальон және взвод командирлерінің бірнеше рет жарғыдан тыс қарым-қатынасқа жол бергені, атап айтқанда қаза болған әскери қызметшіге және тағы алты әскери қызметкерге психологиялық қысым көрсеткені анықталды.

Сонымен қатар, взвод командирі қару-жарақты сақтау тәртібіне тиісті бақылау жүргізбей, қызметтік міндеттерін орындаудан шет қалған.

Тергеу әрекеттерін тиісті түрде ұйымдастыру нәтижесінде жеткілікті дәлелдемелер базасы жедел жинақталды, қысқа мерзімде қажетті сараптамалар жүргізілді, қылмыстарға қатысы бар барлық тұлғалар анықталды.

Іс билікті асыра пайдалану және қызметке салғырт қарау баптары бойынша сотқа жіберілді.  Әскери бөлім командирі мен оның екі орынбасары қызметінен босатылды. Тағы 9 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды

Прокуратура мәліметінше, тергеу барысында барлық дәлелдер жедел жиналып, қажетті сараптамалар қысқа мерзімде жүргізілген.

Еске сала кетейік, 23 қаңтар күні Өскемен гарнизонында орналасқан әскери бөлімдердің бірінде сарбаз қаза тапты. Қарауыл қызметін атқару кезінде мерзімді әскери қызметкер өзіне бекітілген қарудан өзін-өзі атып жіберген. Алған жарақаттарынан ол оқиға орнында көз жұмды.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий