Өскеменде 120 миллион жымқырды дегендер сотталып жатыр
811
Өскеменде ірі көлемде қаржы жымқырды деп айыпталған коммуналдық кәсіпорын басшылары мен кәсіпкерге қатысты сот процесі басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
«Таза Өскемен» мекемесінің бұрынғы директоры Асхат Тәженов пен оның орынбасары Ардақ Әбділдинов және кәсіпкер Игорь Федосов бюджет қаражатын заңсыз иемденді деген күдікке ілінді. Сот кабинетіндегі деректерге сәйкес экс-басшы қамауға алынған болса, қалған екі айыпталушы кепілмен бостандықта жүр.
Тергеу материалдары бойынша күдіктілер 2022-2023 жылдары мемлекеттік сатып алу конкурсын өткізбей бюджет қаржысын үлестес компанияларға жүйелі түрде аударып отырған. Қаржылық мониторинг агенттігі жымқырылған 120 миллион теңгеге күдіктілердің пәтер мен көліктер және жер телімдерін сатып алғанын анықтады. Қала жолдарын тазалауға жауапты мекемеден зардап шеккен тарап ретінде Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі танылды.
Соңғы жаңалықтар
03.10.2026
09:13
Тікелей эфирдегі ойынның соңы түрмемен аяқталды...
02.10.2026
23:53
Қыран Талапбек: 12 жасымда айына 5 мың доллар т...
02.10.2026
23:38
"Қазір тоқал алуға қарсымын". Роза Әлқожа іштег...
02.10.2026
23:25
Ақтөбе аспанынан дронға ұқсас белгісіз нысан ба...
02.10.2026
22:40
Дәрігерлердің құқығын қорғауға бағытталған жаңа...
02.10.2026
22:36
97 келіге арықтаған модель: Асқазанымның 80%-ын...