Ота кезінде жүрегі тоқтап қалды: 29 жастағы танымал әзілкеш өмірден өтті

Ота кезінде жүрегі тоқтап қалды: 29 жастағы танымал әзілкеш өмірден өтті
Фото: Видеодан скриншот / "Открытый микрофон

Қырғызстандық белгілі стендап-комик Элдос Алмазов 29 жасында дүниеден озды. Қатерлі ісікпен ұзақ уақыт күрескен өнер иесінің операция үстінде жүрегі тоқтап қалған, деп хабарлайды Politico.kz.

Қаралы хабарды әзілкештің немере әпкесі оның ресми Telegram арнасында жариялады. Туыстарының айтуынша, Элдос Алмазов сүйек тінінің қатерлі ісігі — остеосаркома дертіне шалдыққан. Ол бірнеше мәрте химиотерапия курсынан өтіп, ісікті алдыру үшін ота жасатқанымен, кезекті операциядан аман шықпаған:

«Кеше операция кезінде Элдостан айырылып қалдық. Бұл бәріміз үшін, әсіресе оның ата-анасы үшін орны толмас қайғы», — делінген жазбада.

Еске сала кетейік, қазан айында Элдос Алмазов әлеуметтік желідегі оқырмандарына денсаулығының күрт нашарлағанын жеткізген болатын. Кезекті химиотерапиядан соң оның басы айналып, көзі ауырып, тіпті телефон ұстауға шамасы келмеген. Сол кезде әзілкеш жанкүйерлерінен емделуге уақыт беруін сұрап, жағдайы жақсарған соң қайта байланысқа шығуға уәде еткен еді.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу