“Ойнағаны ұнамады”: 38 жастағы ер адам 11 жастағы саксофоншы баланы атты
2006
Саксофон үніне ашуланған ер адам балаға оқ атты
Ресейдің Санкт-Петербург қаласында көшеде саксофон ойнап тұрған 11 жастағы балаға оқ атылды, деп хабарлайды Politico.kz сайты “Фонтанка” басылымына сілтемемен.
Оқиға кезінде 38 жастағы жергілікті тұрғын баланың өнеріне наразы болып, оны «жазаламақ» болған. Ер адам өз пәтерінің терезесінен пневматикалық қарумен оқ атқан.
Салдарынан 4-сынып оқушысы жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның иегінен оқты алып шыққан.
Күдікті полиция тарапынан ұсталды. Одан «Макаров МР-654К» маркалы пневматикалық газбаллонды тапанша тәркіленген. Қазір қару қолдану арқылы жасалған бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Басылым мәліметінше, күдікті Санкт-Петербургтегі Мариинский театры әртісі болып шыққан. Ол Қазақстанда туған және театр сайтындағы ақпарат бойынша мимикалық ансамбль құрамында жұмыс істеген. Ресей азаматтығын 2008 жылы Татарстан Республикасында алған.
Соңғы жаңалықтар
07.10.2026
17:08
«Баламызды аман алып қалыңдаршы»: министрлік ал...
07.10.2026
17:07
Ақтауда ысталған балықтан уланған 9 жастағы бал...
07.10.2026
16:45
The World Financial Review: Қазақстан инвесторл...
07.10.2026
15:23
Ер адам жүкті әйелдің ішін жарып тастады
07.10.2026
14:17
Шымкенттегі тойханада 13 жастағы жасөспірім көз...
07.10.2026
13:59
«Бәрін жария түрде айта алмаймыз»: Сайыров Ресе...