Өзбек шекарашысы қазақты ұрды

Өзбек шекарашысы қазақты ұрып жіберді
Өзбекстан мен Қазақстан шекарасында қазақстандық Жандос Оразбайұлы Назарбаев шекара қызметкерінің соққысына ұшырады. Оқиға жайлы Жандостың өзі айтып берді.
Шекарашы телефонды өшіріп, ішіндегі бейнені көрсетуін талап еткен. Кейін түсірілген видеоны өшіруін қалап, дауыс көтеру арқылы архивтегі бейнені өшіртпек болған. Содан соң көрші елдің шекара қызметкері еш ескертусіз ұрып жіберген. Осы оқиғадан кейін Жандос Шымкент қалалық Полиция департаментіне шақыртылып, болған жайтты толық баяндап, жазбаша түрде түсініктеме берген.
Жандос бұл жағдайдың видеосын әлеуметтік желіге жүктеген. Мақсаты шекарашының заңсыз әрекетін көрсету. Видео Өзбекстанның Ішкі істер министрлігіне, Шекара қызметіне және Туризм қызметінің басшысына дейін жеткен. Қазіргі таңда ол жақта да ресми тергеу жүріп жатыр.
Жандостың айтуынша, Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі де бұл іске араласып, онымен байланысқа шыққан. Министрлік өкілдері оған жағдайды түсіндіріп, тергеу жүріп жатқанын хабарлаған.
Айтуынша, видео тергеу толық аяқталғанша архивте сақталады.
Соңғы жаңалықтар





