Павлодар зауытындағы оқыс оқиға: Жұмысшылар ауруханаға түсті
1236
Алюминий зауытында материал опырылып, екі адам зардап шекті
Павлодардағы алюминий зауытында екі жұмысшы өндірістік жарақат алды, деп хабарлайды Politico.kz сайты “kerek.pv” Telegram-каналына сілтемемен.
Оқиға 16 мамыр күні түнгі уақытта зауыттағы №3 пештің кептіру аймағын тазалау кезінде болған. Кәсіпорын мәліметінше, жұмыс барысында жиналып қалған материалдың бір бөлігі опырылып құлап, сол маңда жүрген қызметкерлер зардап шеккен.
Зардап шеккендердің бірі диірмен машинисті. Дәрігерлер оның оң жіліншігі сынғанын анықтап, ауруханаға жатқызды. Қазір жағдайы орташа ауыр деп бағалануда. Ал екінші жұмысшы оң аяғын соғып алған. Медициналық тексерістен кейін оған амбулаториялық ем тағайындалды.
Кәсіпорын өкілдері зауытта ешқандай апат болмағанын мәлімдеді. Өндірістік қауіпсіздік саласына жауапты мамандар нысанды тексеріп, апат белгілерін анықтамаған.
Қазір оқиғаның мән-жайын еңбек инспекциясы анықтап жатыр.
Соңғы жаңалықтар
29.09.2026
23:24
ҚАЗАҚСТАНҒА БЕЙБІТШІЛІК ПЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚ ҚАЖЕТ: Т...
29.09.2026
22:03
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Путин — Орталық Азия, Еур...
29.09.2026
21:29
Қасым-Жомарт Тоқаев Франк-Вальтер Штайнмайерді ...
29.09.2026
20:38
Қазақстан мен Германия арасындағы тауар айналым...
29.09.2026
19:17
Маңғыстаудағы қайғылы оқиға: Полиция фейк ақпар...
29.09.2026
17:47
Павлодарда кәсіпкерді аса қатыгездікпен өлтірге...