Павлодарда қарттарды ұрып-соққан пансионат қызметкерлері тергелуде
846
Павлодарда қарттарды қорлаған пансионат қызметкерлеріне қатысты тергеу басталды
Павлодар облысының Ақсу қаласында прокурорлар қарттарға көрсетілген зорлық-зомбылық фактілерін анықтады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Қала прокуратурасы жүргізген тексеріс барысында жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын пансионатта егде жастағы адамдардың қатыгездікке ұшырағаны белгілі болды.
Прокурорлар мекеме ішіндегі бейнебақылау жазбаларын зерттеу барысында екі қарттың пансионат қызметкерлерінен ұзақ уақыт бойы қысым көргенін анықтады.
Жәбірленушілердің бірі – 84 жастағы әйел. Оларды үнемі ұрып-соққан, қолдарын қайырып, тіпті қыстың аязында сыртқа жалаңаш шығарып тастаған.
Қазіргі таңда бұл факті бойынша ҚР ҚК 110-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Барлық кінәлілер анықталды, ал тергеу барысы Ақсу прокуратурасының ерекше бақылауында.
Тергеуге байланысты қосымша мәліметтер жарияланбайды.
Соңғы жаңалықтар
03.10.2026
16:01
Дубай–Тель-Авив рейсіндегі төтенше жағдай: Екін...
03.10.2026
15:05
Тоқаев Қорғаныс министрлігіндегі үш жоғары лауа...
03.10.2026
14:17
Қызылорда облысында 500-ден астам мұғалімнің же...
03.10.2026
13:16
Түрмеде отырып 4 млн теңге жымқырған: Қазақстан...
03.10.2026
12:21
Қарызын сұрағаннан кейін үйіне мылтықпен барған...
03.10.2026
12:20
Алматыда 270 ерекше бала оқитын мектеп жабыла м...