Павлодарлық 6-сынып оқушысы екі баланы пышақтап тастады
Павлодарда 6-сынып оқушысы №21 орта мектептің екі оқушысын пышақпен жарақаттады.
Оқиға туралы облыстық балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Шәкенова айтты. Оның айтуынша, оқиға 11 қыркүйекте азық-түлік дүкенінің жанында болған.
Алтыншы сынып оқушыларының бірі екі оқушыны пышақпен жарақаттаған. Олар бірден ешкімге ештеңе айтпаған, сол күні кешке сабаққа келмей, облыстық балалар ауруханасына барып, медициналық көмекке жүгінген. Онда пышаққа ұрынған жерлерін тігіп берген, делінген хабарламада.Шәкенова зардап шеккен балалардың ата-аналары мектеп әкімшілігіне хабарлағанын, олар өз кезегінде полиция шақырғанын айтты. Қазіргі уақытта зардап шеккен оқушылардың денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
11.11.2026
23:38
Павлодарда мектеп оқушысы террорлық шабуыл тура...
11.11.2026
22:21
“Балалардың зәресін ұшырды”: Қаскелеңде жартыла...
11.11.2026
21:48
Мұхтар Шахановтың кесенесі аяқталуға жақын: сәу...
11.11.2026
21:22
Мәскеудегі саммитте Арменияға қатысты күтпеген ...
11.11.2026
21:13
Екібастұзда теміржол қызметкерін жүк вагоны бас...
11.11.2026
20:59
Тоқаев Мәскеуде терроризм, есірткі және жасанды...