Перизат Қайрат колонияда тазалаушы болып жұмыс істеп жүр
1163
Қайырымдылыққа жиналған ақшаны жымқырып, 10 жылға сотталған Перизат Қайрат колонияда жұмысқа орналастырылды, деп хабарлайды Politico.kz.
Бұл туралы Қылмыстық атқару жүйесі комитеті редакциямыздың ресми сауалына берген жауабында хабарлады.
«Сотталушы сот шешіміне сәйкес қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеп жатыр және қазірдің өзінде жұмысқа орналастырылған. Ол қызметтік үй-жайларды тазалау жұмыстарын атқарады», - делінген жауапта.
Айта кетейік, Перизат Қайратқа тиесілі болған 79 млн теңгелік Mercedes автокөлігі аукционға шығарылған еді. Алайда кейін ол мемлекеттік органның балансына берілді.
Көлікті нақты қай мекеме алғаны әзірге белгісіз.
Тасқын кезінде халықтан жиналған қаражатты мақсатсыз пайдаланған Перизат Қайрат 10 жылға, анасы 7 жылға сотталған болатын.
Соңғы жаңалықтар
05.10.2026
23:11
Өскемендегі дәмханалардың бірінде полиция қызме...
05.10.2026
21:57
«Барыс» буллит сериясында «Спартакты» жеңіп, мә...
05.10.2026
21:33
"Бөтен еркектің ұрығын салған". Ерлі-зайыпты кл...
05.10.2026
21:18
Асхат Тарғын: Әншілерді сахна немесе тойдікі де...
05.10.2026
21:09
Chevron компаниясы жаңа жылдан бастап басшылық ...
05.10.2026
20:57
Роза Әлқожа: Еркектер жағдайы жақсарса, неге бі...