Полиция формасымен билеген блогер Арайлым Жиенбаева айыппұл арқалады

14.08.2026 16:25 Қарақат АСЫЛОВА
Полиция формасымен билеген блогер Арайлым Жиенбаева айыппұл арқалады
285
Фото: Бейнеден кадр

Түркістан облысында полиция қызметкерінің киімімен TikTok желісінде ерсі би билеген 23 жастағы блогерге сот айыппұл салды, деп хабарлайды Politico.kz.

Тәртіп сақшылары күмәнді видеоны TikTok әлеуметтік желісіне тұрақты түрде жүргізілетін мониторинг кезінде анықтаған. Кадрдан бойжеткеннің ішкі істер органдары қызметкерінің киімін киіп алып, әуенге қосылып билегенін көруге болады.

Тексеру барысында контент авторының жеке басы тез арада белгілі болды. Ол 23 жастағы Алматы қаласының тұрғыны Арайлым Жиенбаева болып шықты.

Сот Арайлым Жиенбаеваны әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған ақшалай айыппұл салды.

Ведомство өкілдері атаққа құмар жандарға қатаң ескерту жасады. Олардың мәліметінше полиция формасы әлеуметтік желіге арналған реквизит емес. Бұл киім мемлекеттік қызмет пен құқықтық тәртіптің символы саналады. Сондықтан мұндай әрекеттердің жолы кесіліп, тәртіп бұзушылар заң аясында жауапқа тартылатын болады.

Войдите, чтобы оставить комментарий